Апаттан аман қалған

0 10

1971 жылы 24 желтоқсанда «LANSA 508» рейсі Перуден ұшып шығады. Алайда, көп ұзамай ұшақты най­зағай соғып, Амазонканың қа­лың джунглиіне құлайды. Ұшақ­тағы 92 адамның ішінен жалғыз ғана 17 жастағы Юлиане Кёпке тірі қалады.

Таңғаларлығы, ұшақ апатынан аман қалған қыздың басына бұдан да қиын сынақ келеді. Юлиане апат салдарынан жабайы джунглидің ортасында жалғыз қалған еді. Бірақ, ол әкесінің «Егер орманда адасып қалсаң, судың ағысын жағалай жүр», деген сөзін еске түсіреді. Ол жарақатына қарамастан 11 күн бойы қалың нуды аралап, өзен бойымен жүріп отырады. Осылайша, құтқарушыларға кездесіп, аман қалған.