Заң аясында шешімін табады

0 12

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады.

Қала әкімінің қабылдауына келген тұрғындар жер кезегі, тұрғын үймен қамтамасыз ету, көпқабатты үйлердегі жылу қысымы, жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелерге қолдау, лифтілердің жай-күйі мен аула аумақтарын асфальттау жөнінде сауалдар қойды.

Сонымен қатар, Тәжік-Ауған шекарасындағы әскери ұрыс-қақтығыстарға қатысып қаза болған сарбаздар ескерткішіне гүл қою рәсімін өткізу, жеке кәсіпкерлік бастау үшін жер телімі мен қолдау көрсету мәселесін көтерді.

Қала әкімі қабылдауға келген тұрғындардың сауалдарын мұқият тыңдап, зерделеу жұмыстарынан кейін заң аясында шешімін табатындығын айтты. Сонымен қатар, азаматтардың өтініш-тілектерін қарастыруды жауапты мамандарға тапсырды.