Трансплантациядағы жетістік

0 13

53 жастағы Тована Луни – генетикасы өзгертілген шошқаның бүйрегімен екі айдан астам өмір сүрген алғашқы пациент. 2024 жылдың қарашасында «NYU Langone Health» ауруханасында оған шошқа бүйрегі трансплантацияланды.

Бұған дейін осындай ота жасалған пациенттердің өмір сүру ұзақтығы екі айдан аспаған. Бас хирург Роберт Монтгомери жаңа бүйректің қалыпты жұмыс істеп тұрғанын, ал Лунидің өзін жақсы сезінетінін айтқан. Луни өз анасына бір бүйрегін берген. Алайда, жүктілік кезіндегі асқынулар оның қалған жалғыз бүйрегін зақымдап, сегіз жыл бойы диализге тәуелді еткен. Жоғары антиденелер деңгейіне байланысты оған адам донорынан бүйрек табылмаған. Отадан үш апта өткенде дәрігерлер ағзаның жаңа бүйректі қабылдамай жатқанын байқайды. Алайда бұл мәселе сәтті шешіліп, Лунидің жағдайы жақсара түсті. Сарапшылардың пікірінше, биыл АҚШ адамға шошқа органдарын трансплантациялау бойынша алғашқы клиникалық зерттеулерді бастауы мүмкін.