Суасты үңгірі

0 16

Ұлы көк тесік – Жердің ең үлкен суасты шұңқырларының бірі. Мұндай таңғажайып табиғи құбылысқа әлемнің әйгілі зерттеушілері мен сүңгуірлері қызығып отыр.

Мұхит түбіндегі үңгірден пайда бол­ған Ұлы көк тесік жобамен 15000 жыл бұрын полеолит дәуірінде әктас үңгірі ретінде қалыптасқан. Мұздар еріген кезде теңіз деңгейі көтеріліп, үңгір суастында қалып қойған. 1971 жылы теңіз зерттеушісі Жак-Ив Кусто бұл жерді әлемдегі ең үздік 10 сүңгуір нүктесінің бірі деп жариялады. Шұңқырдың ішінде алып сталактиттер және түрлі теңіз жануарлары бар. Бір қызығы, 2018 жылы Роберт Бал­лардтың зерттеу тобы шұңқырдың түбіне  дейін бойлап, адам сүйектерін тапқан.