Қыстағы шаш күтімі

0 3

Қыс мезгілінде шаштың жағдайын жақсарту үшін есте ұстау қажет бірнеше ереже бар. Шашыңыз сау әрі әдемі болсын десеңіз, мына кеңестерге құлақ түріңіз.

Қыс мезгілінде жаз кезіндегідей шашты жиі жумаңыз. Қыста шаш та жаздағыдай көп кірленбейді. Аптасына 2 реттен артық жумағаныңыз абзал. Қыс мезгілінде жасалған химиялық процедуралар шашқа тек кері әсерін береді. Мысалы химиялық бұйралау, бояу, сонымен қатар шаш үтіктегішпен түзулеу, плойка қолдану басқа мезгілдерге қарағанда қыста шашты зақымдайды. Сол себепті, бұл әдістердің барлығын мейлінше аз жасау ұсынылады. Шаш түбін қатайтатын сусабындармен жуған абзал.

Ошаған майы және басқа да табиғи майларды және осындай өсімдіктер негізінде жасалған сусабындарды жиірек қолданыңыз. Бұл шашты ылғалдандырып, жағдайын жақсартады. Сондай-ақ қыс мезгілінде темір және пластмассадан жасалған тарақтардан бас тартыңыз. Ол шаштың жалпы жағдайына кері әсер етеді. Бәрінен де шашқа ерекше күтім беретін ағаш тарақтарды қолданғаныңыз жөн. Шашқа түрлі лак, гель қолдануға, начёс жасауға да қыс өте қолайсыз мезгіл. Мұндай күтімді жаз мезгіліне қалдырыңыз.

Далаға бас киімсіз шықпаңыз. Мойынорағышпен не орамалмен болса да, шашыңызды, ұшын толықтай жабуға тырысыңыз. Бұл басыңызбен бірге шашыңыздың да саулығының кепілі.

Осы қарапайым қағидаралды ұстану арқылы шашыңыздың жағдайын жақсартып, көркіне көрік қоса аласыз.