Цунами қаупін ескертетін жүйе

0 1

Индонезияда цунами болатынын алдын ала ескертетін жаңа жүйе сынақтан өтіп жатыр.

Қазірдің өзінде аталған мемлекетте осындай 20-дан астам құрылғы орнатылған. Технология қалыпты уақыт режімінде ақпарат жинап, сараптайды. Тіпті секунд сайын жер астындағы титімдей болсын тербелістердің көрсеткішін есептеп отырады.

Жоба жетекшісі Теуку Хафид цунамидің қасіретін бір кісідей тартқан. 2004 жылы алып толқындар оның бүкіл отбасын жұтып қойды. Осыдан кейін ол цунамиді зерттеуге бүкіл ғұмырын арнауға бел буған. «Нақты қатер төнген жағдайда тұрғындарға смс-хат, радио немесе дабыл арқылы белгі беріледі. Бұл үлкен адам шығынының алдын алуға айтарлықтай көмектеседі», дейді ол.