Комиссия жұмысы қорытындыланды

0 2

«AMANAT» партиясы облыстық филиалы Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті. Жиында комиссияның ағымдағы жылы атқарған жұмыстары қорытындыланып, алдағы жоспарлары талқыланды.

Басқосуда комиссия хатшысы Ерғали Омаров баяндама жасап, Партиялық бақылау комиссиясының 2024 жылы атқарған жұмыстары мен 2025 жылы атқаратын міндеттеріне тоқталды.

Сондай-ақ жиында облысымызда «Өңірлерді дамыту», «Ауыл – ел бесігі», «Дипломмен ауылға», тағы басқа да түрлі мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу, жайылымдық жерлерді тиімді пайдалану, облыс бойынша елді мекендердегі тұратын тұрғындарды «көгілдір отынмен» және таза ауызсумен қамтамасыз ету барысы, партияның Сайлауалды бағдарламасының жүзеге асырылуы мен бюджеттен бөлінген қаражаттың тиімді игерілуін бақылау, ауылшаруашылығы саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы жауапты басшылардың есептері тыңдалды.

Партияның Сайлауалды бағдарламасы аясындағы жүргізіліп жатқан түрлі әлеуметтік нысандардың құрылысын бақылау мақсатында партия филиалдары тарапынан есепті кезеңде жалпы саны 140 партиялық бақылау бекеті құрылып, бүгінгі таңда олардың бақылауындағы 94 нысан пайдалануға берілді.

Партияның аймақтық және аумақтық филиалдарының Партиялық бақылау комиссиясы алдағы уақытта да өз жұмысын жоспарлы түрде жүргізе беретін болады.