Чикагодағы «Тары»
Чикагоның төрінде тұрған «Тары» қазақ этно-кофеханасы аз уақытта жергілікті халықтың көзайымына айналды.
Жас қазақ кәсіпкерлері енді АҚШ-тың Нью-Йорк, Вашингтон, Сиэтл сияқты өзге де ірі қалаларында этно-кофехана ашуды жоспарлап отыр. Себебі, тары қосылған кофе – америкалықтар үшін жаңа дүние. Оның ерекшелігі – тары қосылған соң кофенің әдеттегі ащы дәмі басылып, жұмсақ сусынға айналатындығында. Кофеханада шай, науат, құрт секілді өнімдер де ұсынылады.