Автоматтандырылған метро
Сауд Арабиясынның Эр-Рияд қаласында әлемдегі ең ірі автоматтандырылған метро іске қосылды.
Метро бес желіден тұрады. Ұзындығы — 176 шақырым. Қазіргі кезде үш желі жұмыс істеп тұр. Ал қалғандары келесі жылдың қаңтар айында ашылады деп жоспарланған. Метро күніне 3,6 миллион жолаушыны тасымалдай алады. Соның арқасында жеңіл көлік қозғалысы сиреп, көмірқышқыл газының шығарылуы жылына 12,5 миллион тоннаға азаяды деген үміт бар. Вагондар отбасыларға, жеке жолаушыларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға деп үш санатқа бөлінген. Автоматтандырылған жүйе пойыздардың қауіпсіздігі мен бірқалыпты қозғалысын қамтамасыз етеді.