Көз ауруларынан сақтайтын тағамдар

0 1

Балық және балықтың майы. Бұлар да өз кезегінде көз үшін өте пайдалы тағам қатарына жатады. Өзіңіздің және отбасыңыздың денсаулығы үшін арқан балығын жеуге кеңес береміз.

Жемістер. Әсіресе киви, апельсин, өрікті күнде жеу керек. Ал «С» дәруменіне бай лимон, апельсин, мандарин секілді жемістерді де үзбеуге кеңес береміз. Бұл жемістер көздің тамырларын сақтап, көруін жақсартады. Сонымен бірге, түрлі аурулардан қорғайды.

Сәбіз. Бұл көкөністің құрамында жанарыңыздың саулығын сақтайтын «А», «С», «В», «D», «Е» дәрумендері, бета-каротин антиоксиданты, калий, кальций, натрий, фосфор, темір, мыс, мырыш және фтор секілді пайдалы элементтер бар. Мәселен, бета-каротин жасы ұлғайғандардың жанарына керемет көмектеседі.

Саумалдық. Бұл көкөніс көзді түрлі аурулардан сақтайды. Оның құрамында көздің жанарын суқараңғылықтан сақтайтын лютеин заттегі, «А», «С», «Е», «К», «В2», «В6» дәрумендері мен мыс, мырыш, фосфор, калий, магний элементтері кездеседі. Сонымен бірге, ақуыз бен майлы қышқылды да алуға болады. Дәрігерлердің айтуына сенсек, саумалдықты тұрақты түрде қолданатындардың 90 пайызы көз ауруларынан зардап шекпейді екен.

Соя. Мұның құрамында «Е» дәрумені мен майлы қышқыл бар. Соя қосылған тағамдар көздің көру қабілетін керемет жақсартады.

Пияз бен сарымсақ. Бұл екі көкөніс күкірт элементінің қайнар көзі болып табылады. Ал күкірт көздің көргіштігін жақсартады.

Жұмыртқа. Көзге ең пайдалы тағамдардың бірі жұмыртқа. Оның құрамында күкірт, лютеин және амин қышқылы бар. Бұл заттар көзді суқараңғылықтан сақтап, жанарыңызды құрғаудан қорғайды.

Брокколи. Көздің көруін жақсартып, суқараңғылықтан сақтайды. Оның құрамынан көзге аса қажетті лютеин мен зеаксатинді кездестіруге болады.

Қара шоколадтың құрамында көздің қантамырларын сақтайтын флавоноид бар. Ол көз ауруларынан қорғап, көздің қабығын сақтайды.

Қаражидек антиоксидантқа өте бай. Оның құрамынан түрлі қышқылды, микроэлементтер мен «А», «С», «В» және «РР» дәрумендерін алуға болады. Сонымен қатар, көзді сақтайтын лютеин заттегі де бар.