Бас киімді бетіңіздің формасына сәйкес таңдай біліңіз
Суық күнде киетін бас киім жылулықпен бірге әдемі образды да қатар сыйлауы керек. Ол үшін бас киімді дұрыс таңдай білу маңызды.
Cопақша келген бет формасына барлық бас киім үлгісі жарасады. Сондықтан күмәнданбай қалпақ, беретке, бөрік, орамалдың кез келген түрін қолдана беруге болады. Бірақ, ескеретін бір дүние, көлемі үлкен бас киімдерден алыс болғаны дұрыс.
Үшбұрышты бет формасына қысып тұратын бас киімдер жараспайды және тоқыма бас киімдерді де сатып алмай-ақ қойғаны абзал. Оларға жиегі үлкен емес шляпа, бір түсті беретка мен құлақты жабатын бауы бар қалпақтар жарасады.
Дөңгелек жүзді аруларға да бас киімді ұзақ таңдауға тура келеді. Беті мен маңдайы үлкен қыздарға жиегі қысқа шляпа пен маңдайын жауып тұратын киімдерге жоламағаны дұрыс. Керісінше бір құлағы ашық тұратын беретке мен алдында ғана жиегі бар қалпақтар қонымды.
Бет пішіні квадратқа ұқсас қыздардың теріден тігілген қалпақтар ажарын аша қоймайды. Пішіні төртбұрышқа жақын бас киімдер де жараспайды. Ал тебесі биіктеу шляпалар мен береткелер көркіңізді келтіреді.