Байзақта «Отбасын қолдау орталығы» ашылды

0 5

«AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасы аясында Байзақ ауданында қиындыққа тап болған және отбасылық зорлық-зомбылықтың зардабын тартқан әйелдер мен олардың балаларына қолдау көрсететін «Отбасын қолдау орталығы» ашылды.

Салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Еркін Келесов, аудан әкімінің міндетін атқарушы Болат Сағымбеков пен тұрғындар қатысты.

Алдағы уақытта орталықта заңгер, психолог, әлеуметтік қызмет жөніндегі маман, екі әлеуметтік қызметкер, бухгалтер жұмыс атқаратын болады. Сондай-ақ жаңа ғимаратта психолог және әлеуметтік қызмет көрсету бөлмесі, асхана, уақытша 15 адамға бір жатын бөлме, тынығу және қызмет көрсету бөлмелері жабдықталған. Олардың барлығы талапқа сай қажетті құрал-жабдықтармен толықтай қамтамасыз етілген.

«Бұл — облысымыздағы партияның Сайлауалды бағдарламасы аясында ашылған алғашқы орталық. 2027 жылға дейін өңіріміздің әр аудан орталығында осындай орталықтар ашылатын болады», дейді партия өкілдері.