Жылу сақтайтын кірпіш
Массачусет технологиялық институтының ғалымдары жылуды ұзақ сақтайтын кірпіш жасап шықты.
Цемент, болат, химия, қағаз өндірісінде жылу алуға қазба отын қолданылады, бұл экологияға зиян келтіріп, декарбонизацияны қиындатады. Ал институт ғалымдары жасаған кірпіштер электр энергиясын жылуға айналдырып, газды, ауаны 1800°C-қа дейін қыздырады. Сөйтіп, температураны ұзақ уақыт бойы бірқалыпта сақтап тұрады. Олар арзан материалдардан дайындалады әрі өндіріс жүйесіне оңай бейімделеді. Стартап АҚШ Энергетика министрлігінен 40 миллион доллар инвестиция алып, алдағы жеті айда мегаваттық жүйені іске қосуды жоспарлап отыр.