Антеннадан тоқылған киім
Колумбия университетінің инженерлері антенналарды маталарға енгізу технологиясын ұсынды.
Енді антенналар киімнің бір бөлшегіне айналады. Мұндай «ақылды киімдер» құтқарушыларға, саяхатшыларға немесе шалғай аймақтарда жұмыс істейтіндерге ыңғайлы құрал болмақ. Антенналар арнайы әдіспен тоқыма машиналарында металл мен диэлектрлік жіптерден тоқылады. Кереметі киімді бірнеше рет жуса да бастапқы қалпын жоғалтпайды. Жаңа технология ауыр құрылғылардың орнын басып, спутниктік байланысты құруға, құтқару операцияларын жеделдетуге, шалғай аймақтардағы байланысты жақсартуға көмектеседі.