Қазақстанда 4 желтоқсаннан бастап камералар орташа жылдамдықты тіркейді

0 2

Ішкі істер министрлігі бүгіннен бастап жол қауіпсіздігін арттыруға және жол-көлік оқиғаларын  азайтуға бағытталған заң күшіне енгенін хабарлады.

Бұл заңға сай автоматты түрде тіркеу жүйелерімен анықталатын түзу сызықты учаскелерде «орташа жылдамдықтан» асып кеткені үшін жауапкершілік енгізіледі.

«Жолдардың әр түрлі учаскелерінде «орташа жылдамдық» әр түрлі болады, себебі формулаға сәйкес әр автокөлік автоматты түрде есептеледі. Бұл жаңалық талдауды ескере отырып енгізілді, себебі қала маңындағы трассалардағы әрбір үшінші адам жылдамдық режимінің асып кетуінің салдарынан көз жұмған», деді ІІМ әкімшілік полиция комитеті ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.

Хабардың мәліметінше, елімізде орташа жылдамдықты есептеуге болатын 25 мың шақырым республикалық және халықаралық жол бар. Жаңа ереже әзірге соның 3 200 шақырымында қолданылады.

Ал «Орташа жылдамдық» жүріп өткен жолды жүріп өткен уақыт аралығына бөлу арқылы есептеледі. Осы ережені сақтамаған жүргізушілерге 5-40 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

«Енді сол камераларды орташа жылдамдық бойынша қолдануға мүмкіндік беріп отырмыз. Шығын жасамай, қолда бар инфрақұрылымды ары қарай пайдалану. Аралықты 20 минутта жүруіңіз керек мысалға. Егер сіз екі арканың ортасында 20 емес, 10 минутта жүріп өтсеңіз, сіз орташа жылдамдықты бұзып отырсыз», деді ҚР Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің басқарма басшысы Ғабит Шымырбаев.