Ұшатын автобус
Қытайдың ұшатын автобус жобасы – футуристік көлік жүйесінің жаңа бір кезеңі. Ол қала ішінде көлік қозғалысын түбегейлі өзгертуге мүмкіндік береді.
Қытайдың «Xpeng», «EHang» компаниялары ұшатын автобус жобасын жасап жатыр. Жобаның басты мақсаты – қаладағы көлік кептелісін азайту. Ұшатын автобус көліктерінің әуеге көтерілуі үшін арнайы электрлі жүйелер мен жоғары технологиялы қозғалтқыштар қолданылады.
Бұл ұшатын автобустар толық электрмен жұмыс істейтін көлік түрі болмақ. Сонымен қатар, автобустардың жылдамдығы дәстүрлі көліктерге қарағанда, бірнеше есе жоғары. Егер бұл жоба сәтті іске асса, ол болашақтағы көлік индустриясының негізгі даму бағытына айналуы бек мүмкін.