Сирек кездесетін «зүбәржат»
Швейцарияның Женева қаласында «Кристис» бәссаудасында «зүбәржат» түйреуіш 8 миллион 800 мың долларға сатылды.
Бағалы сыйлық «4С» жүйесі бойынша анықталды: «cut» (пішіні), «clarity» (тазалығы), «color» (түсі), «carat» (салмағы). Бұл жүйе бриллианттың қаншалықты қоспасыз екенін көрсетеді. Аталған асыл бұйымның салмағы – 37 карат. Оны 1960 жылы ханзада Ага Хан үйлену тойында қалыңдығы Нина Дайерге сыйға берген. Мамандар оны өте сирек кездесетін «зүбәржат» деп бағалап отыр.
Асыл тас негізі Колумбияда өндірілген. Оны аукцион үйіне ұзақ жыл қолында ұстаған коллекционер әкеліпті.