Сирек кездесетін «зүбәржат»

0 15

Швейцарияның Женева қаласында «Кр­истис» бәссаудасында «зүбәр­жат» түйреуіш 8 миллион 800 мың дол­ларға сатылды.

Бағалы сыйлық «4С» жүйесі бойынша анықталды: «cut» (пішіні), «clarity» (тазалығы), «color» (түсі), «carat» (салмағы). Бұл жүйе бриллианттың қаншалықты қоспасыз екенін көрсетеді. Аталған асыл бұйымның салмағы – 37 карат. Оны 1960 жылы ханзада Ага Хан үйлену тойында қалыңдығы Нина Дайерге сыйға берген. Мамандар оны өте сирек кездесетін «зүбәржат» деп бағалап отыр.

Асыл тас негізі Колумбияда өндірілген. Оны аукцион үйіне ұзақ жыл қолында ұстаған коллекционер әкеліпті.