Махаббат құдіреті

0 3

Үндістан фермері Дашратх Манжхи 22 жыл бойы өз қолымен тауды тесіп, тоннель қазған. Оның бұл қа­дамға баруына сүйікті жарының қайғылы өлімі себеп болған.

Дашратх Манжхи әйелімен бірге Үндістанның Гай қаласының маңындағы шағын ауылда өмір сүрген. Қарапайым шаруалар секілді олардың да тұрмысы нашар болады. Бір күні әйелі ауыр сыр­қатқа шалдығады. Жедел жәрдем шақырғанымен, ол 70 шақырымдық тау жолын айналып өтетіндіктен, дәрігерлер уақытында жете алмайды. Сөйтіп, әйелі қайтыс болады.

Сүйікті жарының өлімі фермердің өмірін түбегейлі өзгертеді. Әйелін құтқара алмағанына қатты қиналған Дашратх таудан тоннель қазуға бел буады. Оның мақсаты – қалаға тез жеткізетін тура жол салу. Ол 1960 жылдан бастап 22 жыл бойы адам айтқысыз еңбек пен табандылықтың арқасында үкіметтің қолынан келмеген істі жүзеге асырды.