Екі тонна бауырсақ

0 17

Қостанай облысы Қамысты ауданында «Бауырсақ фест» атты іс-шара ұйымдастырылды. Алпыстан астам мекеме бірнеше топқа бө­лініп, ошақ басында 2 тоннадан аса бауырсақ пісірді.

Фестивальда ас атасы нанның алуан түрі дайындалды. Сондықтан әр аспаз білгенін ортаға салып, өзара тәжірибе алмасты. «Әлемдік рекордты тіркеуге Қостанай облысына Астанадан арнайы келдік. Бұған дейінгі бауырсақ рекорды 2 тонна 47 келі болған. Ал Қамысты ауданының тұрғындары екі тонна үш жүз келілік межеге жетті. Бұл – әлемдік рекорд», деді Қазақстан Гиннес рекордтар кітабының ресми өкілі Қуандық Құдайбергенов.