Студент көке
«Білім алудың ерте-кеші жоқ». Осы сөзді айтатын адам көп. Бірақ, іс жүзінде дәлелдегендер некен-саяқ. Солардың бірі – 57 жастағы қызылордалық Кендебай Ыдырысов.
1988-1991 жылдары Ташкенттегі құрылыс техникумында оқып, 2006 жылы тау-кен жұмыстары мамандығы бойынша жоғары оқу орнын тәмамдаған Кендебай Ыдырысов білімнен кенде емес. Бірақ ол заман ағымына ілесіп, техника тілін меңгеріп, сапалы маман болу мақсатында қазір Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде білімін шыңдап жүр. «Жасыратыны жоқ, жасың үлкейгеннен кейін оқу оңайға соқпайды. Бірақ қай жасқа келсең де, жаңашылдыққа ұмтылған дұрыс», дейді ол.