Марстан қуат алатын батарея
Қытай ғалымдары Марс атмосферасынан қуат алатын батарея жасап шығарды.
Жаңа аккумулятор Марс атмосферасындағы элементтерді пайдалана отырып, энергия өндіре алады. Батарея қоршаған ортадан көмірқышқыл газын, оттегі мен көміртек тотығын сіңіре алатындықтан, Жерден жеткізілетін жабдықтың салмағын азайтуға мүмкіндік береді. Бұл – Марс логистикасындағы маңызды қадам. Инновациялық өнім күн панельдері мен атом энергия көздерінен сондай-ақ Марстағы ресурстардан да қуат алады.