«СОЦИС-А»: «exit-poll» мәліметтері жарияланды

0 9

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында «Социс – А» институтының талдаушысы Әлібек Тәжібаев «СОЦИС-А» «Кешенді әлеуметтік зерттеулер институты – Астана» ЖҚ жүргізген exit-poll нәтижелерін жариялады.  

«Кешенді әлеуметтік зерттеулер институты – Астана» жеке қоры «Хабар» агенттігі» АҚ тапсырысы бойынша 2024 жылғы 6 қазанда Республикалық референдум өткізілген күні дауыс беруге арналған учаскелерден шығуда «exit-poll» әдістемесі бойынша азаматтардың ерік білдіру нәтижелерінің алдын ала есебін жүргізді.

Әлібек Тәжібаевтың айтуынша, үздіксіз ағын әдістемесінің көмегімен Қазақстан Республикасының 189 учаскесінде дауыс берген 283519 азамат қамтылды. Олардан референдум аясында қойылған «Сіз Қазақстанда атом электр стансасын салуға келісесіз бе?» сұрағына қалай жауап бергені сұралды.

«Exit-poll» қорытындысы мынадай: Дауыс беруге қатысқан сауалнамаға қатысқан азаматтар санының 69,8 пайызы АЭС құрылысын «қолдап» дауыс бергендерін мәлімдеді. Сауалнамаға қатысушылардың 30,2 пайызы өздерінің келіспейтіндерін айтқан. Учаскелерге келу көрсеткіші 67,3 пайызы деңгейінде тіркелді. Деректердің қателігі — ± 1,5 пайызы құрайды», деді Әлібек Тәжібаев.