Орман қорғаушы жасанды интеллект
Ұлыбритания ғалымдары ормандағы өртті хабарлайтын құрылғы жасады. Тың технология қиядағыны байқап, от шықса, шұғыл дабыл қағады.
«Pyri» деп аталатын бұл құрылғы жасанды интеллектіге негізделген. Ол орман өртеніп, қызған кезде тиісті орынға дереу хабар береді. Түрі қарағай жаңғағына ұқсас. «Қуатты жылудан, күннен алатындықтан, пайдалану мерзімі шексіз. Құрылғыны орман алқабына әуеден ұшақ арқылы тастауға немесе алыс маңнан лақтыруға болады. Сынбайды, қуаты таусылмайды. Әр елдегі ұлттық саябақтармен серіктестік орнатуға әзірміз. Ғаламды жаһандық жылыну жайлаған тұста орман өрті тым жиілеп кетті. Ал мына құрылғының тілсіз жаудың алдын алып, оны ерте анықтауда тиімділігі орасан», дейді жоба авторы Блейк Гудвин.