Ағаш егетін дрондар

0 15

Бразилия орманды алқапты қалпына келтіру мақсатында дрондарды қолдана бастады. Нақтырақ айтсақ, ұшу аппараттары от шарпыған ағаштардың орнына әуеден тұқым себеді.

Мамандардың айтуынша, бұл істе құрылғылардың пайдасы зор. Әсіресе адам қолы жете бермейтін жерлерде көмегі көп. Дрондар небәрі бір күнде 50 гектар аумаққа тұқым сеуіп шығады. Яғни адамның еңбек күшінен әлдеқайда жылдам әрі өнімді. Бразилия осы технологияның арқасында бір миллион түп ағаш егуді көздеп отыр.