Қайта оралған Тұран жолбарысы

0 5

Қазақстанға Нидерландтан Амур жолбарыстары жеткізілді. Олар Іле-Балқаш резерватындағы қоршау ішінде ұс­талады. Кейін олардың арландары ашық та­биғатқа жіберіледі.

Тұран жолбарысын Орталық Азияда ұстауға қолайлы орын ретінде Балқаш көлінің оңтүстік жаға­лауы, Есіл өзенінің атырабы таңдалған. «Елімізге екі жолбарыс Нидерландтан әкелінді. Бұл – ерекше оқиға. Іле өзені мен Сыр өзенінің жағасында осы Тұран жолбарысы өткен ғасырдың 40-жылдарында болған. 2025 жылы Ресей Федерациясынан тағы да 3-4 жолбарыс жет­кізіледі», деді Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев.