Қырғызстан мал экспортын уақытша тоқтатты

0 12

Қырғызстанда ірі қара, ұсақ мал және жылқы малын үшінші елге экспорттауға тіркеу және рұқсат беру уақытша тоқтатылды.

Қырғызстанның Су ресурстары, ауылшаруашылығы және қайта өңдеу өнімдері министрлігінің деректері бойынша мал экспорты ветеринарлық қызметтің Жануарларды идентификациялау және қадағалау жүйесінде ауыл шаруашылығы жануарларын экспорттау уақытша тоқтатылды. Қабылданған шара елдегі ауылшаруашылық жануарларының санын нақты есепке алуды қамтамасыз етуге, сондай-ақ ветеринариялық-санитариялық нормалардың сақталуына бақылауды арттыруға бағытталған.

Бұл Қырғыз Республикасының отандық және халықаралық серіктестеріне көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. «Түгендеу 15-20 күнге созылуы мүмкін. Одан кейін экспортқа рұқсат алу процесі қайта жанданады. Осы кезеңде жіберілген барлық өтінімдер түгендеу жұмыстары аяқталғаннан кейін бірден бірінші кезекте қаралатын болады», делінген хабарламада.