Қысқатолқынды пештің пайдасы

0 14

Қысқатолқынды пеш бүгінгі таңда бәріміздің ас үйімізден табылады. Оны көбіне тамағымызды жылыту үшін ғана пайдаланамыз. Бірақ бұл пешпен басқа да көп нәрсе жасауға мүмкіндік барын бәріміз бірдей біле бермейміз. Сол себепті біз бүгін назарларыңызға микротолқынды пештің пайдалы тұстарын ұсынамыз.

Дәмдеуіштердің иісін жаңартқыңыз келсе, қысқатолқынды пешке 30 секундқа қойыңыз. Бар қуаттылығын қосуды ұмытпаңыз.

Егер қатып қалған нанды қағаз сулыққа орап, микротолқынды пешке бір минутқа салсаңыз, наныңыз қайтадан жұмсарады.

Миндаль жаңғағын қайнаған суға салып, 30 секундқа микротолқынды пешке қойсаңыз, сыртын оңай тазалап аласыз.

Сол секілді грек жаңғағын да 4-5 минутқа қойып, қабығынан тез құтылуға болады.

Апельсин мен грейпфрут жемісін 30 секундқа қойсаңыз, қабығы оңай ашылады.

Сонымен қатар апельсин мен грейпфрут қабығын микротолқынды пешке салып, тез кептіруге болады. Оны қағаз сулыққа орап, пештің барлық қуаттылығын қосып, 2 минутқа қойыңыз. Қыздыру кезінде жақсылап араластырып жіберу керек. Суығаннан соң ол құрғап, кеуіп тұрады. Бұл қабықтарды аузы жабылған ыдыстарға салып сақтаған жақсы.

Бұл пештің көмегімен қалың қабығына қарамастан лимон немесе апельсин шырынын соңғы тамшысына дейін сығып алуға болады. Ол үшін бірнеше минут қыздырып, суығаннан кейін шырынын шырынсыққыштың көмегінсіз ала аласыз.

1-2 минут ішінде қатып қалған балды ертіуге болады.