Жаңа оқу жылында жаңа сабақ

0 18

Оқу-ағарту министрлігі ел мектептерінде оқу бағдарламасына буллингке қарсы іс-шаралардың бірі — «Қауіпсіздік сабағы» енгізіліп жатқанын хабарлады. Ол отандық білімнің сапасын арттыруға, балалар үшін жайлы әрі қауіпсіз орта құруға бағытталған.

Ведомство мәліметінше, 87 мың қазақстандық оқушы оқу жылын жаңа мектептерде қарсы алып жатыр. Жалпы 2024-2025 оқу жылы 536 мың оқушы орнына арналған 302 мектеп пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

Қыркүйектен бастап мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналарға арналған 3,5 мың кеңес беру пункті өз жұмысын бастайды. Колледждерде оқитын 300 мыңнан астам студенттің шәкіртақысы 50 пайызға артқан. 1,7 миллион оқушы мектептерде тегін тамақтанумен қамтылады.