Иттерге арналған қымбат иіссу

0 11

«Dolce & Gabbana» сән үйі иттерге арналған «Fefé» атты парфюм шығарды. Бірақ оны қауіпсіз және орынды деп санауға барлық ветеринарлар мен үй жануарларының иелері келіспейді.

Бұл парфюм сән үйінің негізін қалаушы Доменико Дольченің пуделі құрметіне аталған. 100 миллилитрлік бөтелке 99 еуро тұрады және арнайы сертификатталған.

«Dolce & Gabbana» мәліметінше, парфюм жануарлар косметикасының қауіпсіздік деңгейін адамға арналған өнімдермен теңестіру мақсатында әзірленген «Safe Pet Cosmetics» протоколына сәйкес жасалған.

Алайда, кейбір сарапшылар иттерге арналған парфюм олардың өзіне тән табиғи иісін жоғалтуына әкелуі мүмкін деп алаңдаушылық білдіруде.