Ауырсынуды басатын дәрі әйелдерге қарағанда ерлерге көбірек беріледі

0 15

Жаңа зерттеу көрсеткендей, «жедел жәрдем» қызметі ер пациенттермен салыстырғанда әйелдерге ауырсынуды басатын дәрілерді аз тағайындайды екен.

АҚШ пен Израиль зерттеушілері екі елдегі пациенттердің 21 мыңнан астам медициналық тарихын талдаған. Оның нәтижесі «Proceedings of the National Academy of Sciences (PNAS)» журналында жарияланды.

Бұл сәйкессіздік медицина мамандары арасында байқалады: ерлер мен әйелдердің дәрігерлері әйел науқастарға ауырсынуды басатын дәрілерді азырақ тағайындайды екен.