Ананас қосылған пицца бағасын он есе өсірді

0 23

Италиядағы мейрамхананың бірі гавай пиццасының бағасын он есеге қымбаттатқан, себебі клиенттердің оған тапсырыс бергенін қаламайды.

Пицца – Италияның дәстүрлі тағамы әрі мақтанышы. Сол себепті мұнда ананас қосылған гавай пиццасын аса жақтырмайды. Бұл тағамды 1962 жылы Канадада ойлап тапқан. Ол жақында ғана итальяндық «Coldiretti» ауылшаруашылығы қауымдастығының ең нашар пиццалар тізіміне енгізілді.

Турист әйелдердің бірі Италиядағы мейрамханадан видео жариялап, гавай пиццасының бағасы басқа пиццалармен салыстырғанда он есе қымбат екенін көрсеткен. Ананас қосылған бұл тағам 100 еуроға қымбаттап кеткен екен.

«Südtirol News» порталы бұл бағаны италиялық аспаздарға «бөтен тағамды» әзірлегені үшін төленетін «өтемақы» деп атады.