Айран немесе йогурт: қайсысы пайдалырақ?

0 17

Кей адамдар таңғы асқа сүт өнімдерін, әсіресе айран немесе йогурт жейді. Денсаулыққа қайсысы пайдалырақ? Диетолог Алексей Кабанов дұрыс тамақтану үшін қандай өнімді таңдау керегін айтты.

«Соңғы кездері сүт өнімдерінің пайдасына күмән көп. Оған екі фактор әсер етті: шамадан тыс тұтыну және сүтті өнімдердегі антибиотиктер қалдығының болуы. Оған қоса, йогурттар қоспалармен және тәтті болады. Әдетте біз майды көп тұтынамыз, олардың көп бөлігі бізге етпен және сүт өнімдерімен бірге келеді. Өз рационыңызды дұрыс үйлестіру, сондай-ақ қаныққан және қанықпаған майларды тұтыну маңызды», дейді диетолог.

Айран мен йогуртта ағзаға пайдалы сүт-қышқылды микроағзалар бірдей бар. Олардың дайындалу процесі әртүрлі, бірақ тұтынушы көзқарасымен олар бірдей пайдалы өнімдер.

«Айранның дәмі қышқылдау, сондықтан күнде айран ішсеңіз, асқазан қышқылдылығын арттырып жіберуіңіз мүмкін. Қышқыл өнімдерді күнде жемеген дұрыс. Йогурт — айран секілді қышқыл емес, бірақ өндірушілер йогуртқа жиі қант қосады. Сондықтан тек табиғи йогурт жеуге тырысыңыз», дейді Алексей Кабанов.

Аптасына 1-2 реттен 200-300 мл йогурт немесе айран ішу ағзаға пайдалы. Пайдалы бактериялардың арқасында микробиоманың құрамы жақсарады. Бұл асқорытуды жақсартады. Сүт-қышқылды өнімдер ақуыз және кальцийге бай. Біздің рационға жиі протеин жетіспейді. Сондықтан рационға қанты аз немесе қантсыз сүт-қышқылды өнімдерді қосу — ақуыз бен кальцийдің қосымша көзі.