2100 жылы әлемде халық саны бойынша тосын өзгерістер болуы мүмкін

0 21

БҰҰ дүниежүзіндегі халық санының 2100 жылға қарай өсу болжамын ұсынған зерттеу мақаласын жариялады.

Қазір әлемдегі халық саны 8 миллиардтан асты. Зерттеудегі болжам бойынша 2084 жылы жер шарындағы халық саны 10,3 миллиардқа жетеді. Ал 2100 жылға қарай бұл көрсеткіш 10, 2 млрд болып, халық санының азаю құбылысы байқалуы мүмкін.

Қызығы, қазіргі уақытта халық саны бойынша көш бастап тұрған Қытай мен Үндістанда табиғи өсім төмендеуі ықтимал. Аталған елдерде өлім-жітім бір жылдағы туу көрсеткішінен 10,5 млн және 7,4 млн адамға асып түсуі болжанып отыр.

Керісінше, халықтың ең жоғарғы табиғи өсімі 2100 жылға қарай Конго, Танзания, Эфиопия және Пәкіс­танда болмақ. Ал Ресей, Германия, Украинада халық санының төмендеуі болжанып отыр.