Судың емдік қасиеттері

0 17

 Су − тіршілік нәрі. Осы мөлдір сұйықтыққа бар тіршілік тәуелді. Бірақ, күнделікті тұрмыстың ажырамас бөлігіне айналған судың емдік қасиеттері жайында көбі біле бермейді. Су адамның шөлін қандыру немесе тұрмыстық қажеттілігінен басқа да жайларға пайдаға асады. Назарларыңызға судың пайдасы, емдік қасиеттері жайында мәлімет ұсынамыз.

Жапон ғалымы Масару Эмото бірнеше жыл бойы судың қасиетін зерттеген. Ол тазартылған суды бір ыдысқа құйып, сол судың жанына адамдар келіп «махаббат», «періште», «рақмет», «бейбітшілік» деген сияқты жақсы сөздер айтқан. Ғалым осы суды қатырып, суретке түсірген кезде кристалдары керемет әдемі, үйлесімді болып шыққанын байқаған. Ал дәл осы суға «ыза», «соғыс», «қан», «өлім» сияқты жағымсыз сөздер айтқан кезде кристалдары мүлде басқа, бей-берекет, көмескі, қара лай болып шыққанын көріпті. Жапон ғалымы су біздің барлық эмоциямызды, сезімімізді, сөзіміз бен дұғамызды, музыканы қабылдайтынын осылай дәлелдеген.

Дәрігерлердің айтуынша, сумен емделудің қарапайым әдіс-тәсілі көп. Мәселен, суды алдымен қатырып, кейін ерітіп ішуге болады. Тек үстіңгі қабатын төгіп тастау керек. Өйткені, ауыр металдар судың бетіне көтеріледі. Осы суды адам күнде таңертең аш қарынға ішіп отырса, емдік қасиеті зор. Адам ағзасы бірден жұмысқа кіріседі. Ағзаға таза су енеді де, ол біздің сұйықтық қанымызға әсер етеді және тазалық ақпаратын жеткізеді. Сөйтіп бойымыздағы сұйықтықтардың құрылымдануына ықпал жасайды. Адам денесінің 70 пайызы судан тұрады. Ендеше ағзадағы судың құрамын өзгерте отырып, сауығуға әбден болады.

Судың біз білмейтін өзге де қасиеттері бар:

  1. Иммунитет жүйесін құрайтын жілік майының түрлі ауруға қарсылығын күшейтеді.
    2. Су – азық, дәрумен және минералдардың негізгі еріткіші.
    3. Су азық құрамындағы керекті элементтердің ағзаға сіңуін арттырады.
    4. Эритроциттің жұмыс өнімділігін күшейтеді.
    5. Жасушаларды оттегімен қамтамасыз етіп, қалдық газдарды өкпеге тасымалдайды.
    6. Улы қалдықтарды жинап, бауыр мен бүйрекке жеткізеді.
    7. Су – буын қуыстарын негізгі майлаушы зат.
    8. Омыртқа дискілеріндегі шокты су көпшіктеріне айналдырады.
    9. Ішек жұмысын реттейді, майлануын қамтамасыз етеді.
    10. Дене температурасын реттейді.
    11. Су – мидың функциялары үшін күш және электрлік энергия көзі.
    12. Жүрек ауруы мен сал (параллич) ауруынан сақтайды.
    13. Мидан гормонар бөлінуі үшін қажет.
    14. Су адам зейінін ашады.
    15. Жұмыс өнімділігін арттырады.
    16. Ешқандай кері әсері жоқ.
    17. Стресс пен депрессияны басады.
    18. Ұйқыны жөнге келтіреді, шаршағанды басады, теріні жұмсартады.
    19. Көзге көру қасиетін береді, ағзада қан жасалуын реттейді.
    20. Инфекция мен рак ауруына қарсы иммунитетті күшейтеді.
    21. Қанды сұйылтып, қан айналымы кезінде қоюлануының алдын алады.
    22. Дене қызуын басады.
    23. Қанды сұйылтып, қатты заттардың шөгуіне кедергі жасайды.
    24. Жүктілікте жүрек айнуын азайтады.
    25. Кәрілікте есінен алжасудың алдын алуға көмектеседі.

Әлемдегі ең таза су – зәмзәм суы. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 2004 жылғы мәліметі бойынша, бұл су әлемдегі ішуге пайдалы ең таза су. АҚШ-та жасалған тест нәтижесінде жер бетінде құрамында микроорганизмдер мен бактериялар кездеспейтін бірден-бір таза су – осы зәмзәм екені ғылыми негізде дәлелденді. АҚШ-та әртүрлі сусындар мен жемістерді елге әкелуге тиым салынғанымен, зәмзәм суына тиым салынбайды. Зәмзәм суының басқа суларға қарағанда құрамында күкірті аз, құнарлы, минералы көп. Тойыну үшін ішкен адамның қарны тояды, шөлдеген адам ішсе, шөлі қанады. Қала суынан айырмашылығы – құрамында кальций мен магний тұздары көп. Шаршаған адам зәмзәм суын бетіне жақса, рахаттанады. Тағы бір ерекшелігі, зәмзәм суының құрамында түрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұратын фтор бар. Өмірде судың дәмін бұзатын биологиялық құбылыстар зәмзәм суына ешқандай әсер етпейді. Бұл да ғылыми тұрғыда дәлелденген.

Еліміздің де әр өңірінде тереңнен атқылап, жер бетіне шығып жатқан емдік қасиеті мол минералды су бұлақтары бар. Олар температурасы және құрамындағы газдар мен тұздарының түрі жағынан (хлор, калий, натрий, темір және т.б.) әртүрлі болып келеді. Адам ағзасына шипалы әсері бар Алмаарасан, Қапаларасан, Сарыағаш, Жаркентарасан курорт-санаторийлері, емханалар салынған. Бұрыннан белгілі минералды қайнарлар әсіресе, шөлді аудандарда көп кездеседі. Жергілікті халық оларды ем үшін пайдаланып жүр.