Ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді

0 17

Облыс әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасының басшысы Ұлана Сламбекова Меркі ауданына жұмыс сапарымен келді.  

Еліміздің дамуы мен мемлекеттік тұтастығының басты кепілі – қоғамдағы бейбітшілік пен тұрақтылыққа тікелей байланысты. Сондықтан ел ішіндегі ауызбіршілікті бекемдеп, алауыздыққа жол бермеу маңызды.

Осыған орай, өңірдегі этнос өкілдері тығыз шоғырланған елді мекендерге ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында, облыс әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасы облыс прокуратурасымен бірлесе арнайы іс-шаралар жоспарын дайындаған болатын.

Соған сәйкес, Ұлана Сламбекқызы аудан әкімінің орынбасары Мейірхан Өмірбекпен бірге Жамбыл ауылдық округінің тұрғындарымен, аудандық этно-мәдени бірлестіктердің жетекшілерімен арнайы ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесулер барысында Ұлана Сламбекқызы қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттік рәміздердің қолдану аясы мен этносаралық алауыздықты тудыратын жағдайлар мен жалған ақпараттардың таралуына жол бермеудің маңыздылығы туралы түсіндірді.

Сонымен қатар тұрғындардың жеке мәселелерін тыңдап, олар көтерген мәселелерді назарына алды.