Тамыз айында ел азаматтары неше күн демалады?

0 16

Тамызда елімізде Конституция күні атап өтіледі. Осыған орай ел азаматтарының демалыс күніне тағы бір күн қосылады. 

30 тамыз – Қазақстанда Конституция күні. Биыл 30 тамыз жұма күніне тура келіп тұр. Осылайша аптасына бес күн жұмыс істейтіндер 30, 31 тамыз және 1 қыркүйек демалады. Ал алты күн жұмыс істейтіндер 30 тамызда демалып, 31 тамызда жұмыс істеп, 1 қыркүйек жексенбі болуына байланысты қайта демалады.

Бұдан бөлек 3, 4, 10, 11, 17, 18, 24, 25 тамыз күндері − демалыс.