Жүздеген тігінші мыңдаған бірегей костюм тігуде

0 27

Франция бойынша 500-ден астам тігінші мен дизайнер Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарының ашылу және жабылу салтанатына арналған мыңдаған бірегей костюмді тігіп, аяқтау үшін барын салып жатыр.

Қолөнершілер армиясы Париж Олимпиадасының салтанатты рәсімдеріне арналған мыңдаған костюм тігуде. Дизайнерлердің айтуынша, әр киім үлгісі тарих, спорт және сән-салтанаттың бірегей үйлесімі болады. «Біз әлемдегі ең үлкен сауық кешін өткізгелі отырмыз», дейді Олимпиаданы ұйымдастыру комитетінің костюмдер жөніндегі директоры Дафна Бурки. Ол бұрын «Dior»-да Джон Гальяаноның қол астында жұмыс істеген.

Костюмдерді дайындауға 15-ке жуық дизайнер жұмылдырылған, олар 500-ге жуық шеберге жетекшілік етуде. Аталған қызметкерлер Олимпиада және Паралимпиада ойындарының ашылу және жабылу салтанатында жұмыс істейді.

26 шілдеде Сена өзені мен оның көпірлерінің бойында өтетін 7 шақырымдық алғашқы салтанатты рәсімге 200-ге жуық костюм дизайнері мен 300 визажист қатысады деп күтіліп отыр.

«Киім қалдықтары мен ластануы туралы алаңдаушылық күшейіп келе жатқан дәуірде «бұрын өмір сүрген және кейін де болатын» винтажды және киілген киімді пайдалануға қатты көңіл бөлінуде. Сіздер үш мың ерекше сұлбаны көресіздер және әр киім өз тарихын баяндайды», — деген Д.Бурки.

Ол 3 мың киімнің арасында екі бірдей костюм болмайды деп уәде берді.