Спортзалға бармай-ақ артық салмақтан арылған

0 25

Үндістандық ер адам дұрыс тамақтану мен жаяу жүрудің арқасында спортзалға бармай-ақ 10 айда 23 келіге арықтаған.

Фитнес жаттықтырушысы Сатей Гохелдің айтуынша, оған Нирадж есімді кәсіпкер арықтағысы келгенін айтып, өтініш білдірген. Ер адамның жұмыс кестесі өте тығыз болғандықтан спортзалға бара алмаған. Жаттықтырушы оған көкөністер мен вегетариандық протеин алмастырғыштарға негізделген арнайы диета әзірледі. Осылайша, Нирадж панир ірімшігін, соя мен бұршақ жеп, сарысу ішті. Сонымен қатар ол қант тұтынуды айтарлықтай азайтты.

Гохель жаттығу залында жаттығудың орнына Нираджға көбірек жүруді және үйде жаттығуды ұсынды. Әуел баста, ер адамға күніне 10 мың қадам жүру қиын болғанымен, көп ұзамай бұл оның күнделікті жұмысының қалыпты бөлігіне айналды. Нирадж үйде гантельмен жаттығулар жасаған.

Жаттықтырушы Нираджға мотивация беріп, қайтадан толып кетпеуі үшін күн сайын телефон соққанын айтады.  Жиі қадағалау мен жаттығудың арқасында ол 10 айда 91,9-дан 68,7 келіге дейін арықтаған. Қазір ер адам қайтадан сүйікті тағамдарын жеп жүр. Бұған қарамастан ол шынығуды жалғастырып, дене пішінін сақтау үшін 10 мың қадам жүреді.