Айдың арғы бетінен тастар мен топырақ үлгілерін Жерге жеткізді

0 24

Қытайдың «Чанъэ-6» зонды екі айға созылған миссиядан кейін ішкі Моңғолия шөліне қонды. Ол Айдың арғы бетінен Жерге топырақ пен тас үлгілерін жеткізді. Алдағы уақытта бұл үлгілер зерттеледі. «Чанъэ-6» жеткізген үлгілер ғалымдарға планеталардың қалай пайда болатыны туралы негізгі сұрақтарға жауап табуға көмектесуі мүмкін.

Бүгінгі таңда Қытай Айдың арғы жағына ғарыш аппаратын қондырған жалғыз ел. 2019 жылы қытайлықтар Айға қону платформасы мен ұшу аппаратын жеткізген болатын. Ол бірнеше ай бойы жұмыс істеді.

Айдың жерден көрінбейтін арғы бетіне қону қиын іс – ол жердің рельефі күрделі, қонуға қолайлы тегіс беттер аз, онда орналасқан құрылғылармен байланыс орнату қиын. Ғалымдар айдың арғы жағында оттегі және сутегі, су алуға болатын мұз іздері бар деп үміттенеді. Зерттеу енді Бейжіңге жіберіліп, одан алынған үлгілер алынады, деп хабарлады CCTV мемлекеттік телеарнасы.

Роботтың көмегімен зонд тастар мен топырақ үлгілерін жинап, бірнеше рет суретке түсіріп, айға Қытай туын тіккен.

Кейінгі онжылдықта Бейжің АҚШ пен Ресейді қуып жетуге тырысып, өзінің ғарыш бағдарламасына қомақты қаржы бөлді. 2030 жылға қарай Қытай алғашқы ғарышкерлерін Айға жібермек. Алдағы уақытта мамандар Марс пен Юпитерден топырақ үлгілерін жинау жоспары барын жеткізді.