2024 жылдың жазының ең сәнді түсі

0 21

Сүтті сары 2024 жылдың жазының ең сәнді түсі деп танылды.

Америкалық басылымның хабарлауынша, танымал тұлғалар мен сән блогерлері де аталған түстегі киімдерді жиі таңдайтын болған. Олардың арасында Хейли Бибер, Эмили Ратаковски, Сабрина Карпентер және басқа да жұлдыздар бар. Танымал Asos сатушысы сүтті сары түстегі заттарды іздеу 98% артқанын хабарлады.

Сонымен қатар бұл түстегі киімдер Abercrombie, Reformation, Artizia және Sezane сияқты брендтердің ассортиментінде ұсынылған.

Айта кетейік, бұған дейін Pantone Түс институты сарғыш-қызғылт реңкті «Шабдалы түсті үлпені» 2024 жылдың түсі деп танығаны туралы жазған едік.