3 мың долларға бағаланған шие
Жапонияның Хатинохе қаласында сирек кездесетін «Aomori Heartbeat» сортының он бес шие қорабы аукционда 500 мың иенге (3170 доллар) сатылды.
«Aomori Heartbeat» шиесі жүрек тәрізді пішімімен әрі өлшемімен ерекшеленеді, диаметрі орташа есеппен 2,5 сантимерге жетеді.
Жапонияда жоғары сапалы жемістер мен жидектерді сату кең таралған. Жидектер көбінесе іскерлік серіктестерге беделді сыйлық ретінде тарту етеді. Бұл жемістерді өндіруші әдетте талғампаз логотиппен безендірілген ағаш қораптарға салады.