Ұшақ сүйретуден рекорд жаңартты

0 28

Өзбекстандық спортшылар салмағы 13,5 тонна ұшақты 100 метр жерге 46,7 секундта сүйретіп, Гиннесс рекордын жаңартты.

«Guinness World Records» хабарлауынша, рекорд 15 мамырда Ташкент әуежайында Гиннесc рекордтар кітабының комиссары Мбали Масечаба Нкосидің қатысуымен орнатылған.

Өзбекстанның Бодибилдинг және фитнес федерациясының командасы салмағы 13,5 тонна «Silk Avia ATR 72−600» лайнерін 100 м қашықтыққа 46,7 секундта сүйреп апарып, әлемдік рекорд орнатты.

Команда құрамына Бекзод Худойкулов, Шерзодбек Гайназаров, Фарход Дадамухамедов, Умид Хусанов, Бахшулла Сайфуллаев және Аброрбек Фозилов кірді.

Рекорд бірінші әрекетте орнатылды. Гиннесс рекордтар кітабының бастапқы шарты оны 60 секунд ішінде орындау болды. Алдын ала дайындық кезінде спортшылар әртүрлі нәтиже көрсетті, бірақ 15 мамырда көрсеткен 46,7 секунд үздік болды.