Нью-Йорктен Лондонға 60 минутта жеткізетін ұшақ жасалады

0 17

Қазіргі жолаушылар ұшағы Нью-Йорктен Лондонға 7 сағат 10 минут ұшады. Екі қаланың арасын 5570 шақырым және Атлант мұхиты бөліп жатыр. Болашақтың ұшағы бұл қашықтықты небәрі 1,5 сағатта ұшып өтеді.

Ең алғашқы дыбыстан да жылдам ұшатын лайнер кеңестік «ТУ-144» ұшағы болды. Бұл бірегей әуекемесі капиталистік және социалистік экономиканың бәсекесінен туған өнім еді. Оның максималды жылдамдығы 2430 км/сағ болды.

«Ту-144» Алматы мен Мәскеу арасында жолаушылар тасымалдады, ол британдық-француздық «Concorde»-тан екі ай бұрын әуеге көтерілді. «Ту-144» 1975 жылы 26 желтоқсанда Мәскеуден Алматыға алғашқы рейсін орындады. Бұл рейс жолаушыларсыз техникалық сипатта болды. Жолаушылармен алғашқы рейс 1977 жылдың 1 қарашасында ұшты. Ұшақ Мәскеу-Алматы-Мәскеу бағытында 7 ай ғана ұшты. Осы уақытта ол 55 жолаушылар рейсін орындап, 3284 адамды тасымалдаған. Кеңестік саяси билік өзгерген соң, экономикалық жағынан тиімсіз ұшақтың қызметі тоқтатылды.

Дыбыстан жылдам ұшатын әуе аппараттарының бірі «Concorde» болды. Ол Парижден Нью-Йоркке 8,5 сағаттың орнына 3 сағат 20 минут ұшатын. 2000 жылдың 25 шілдесіндегі қайғылы апаттан кейін оның да ұшуы тоқтатылды. Бұл 27 жыл бойы Атлантика арқылы Еуропа мен Американы жалғаған «Concorde»-тың соңғы рейсі болды. Қайғылы оқиғадан кейін 2400 км/сағ жылдамдықпен ұшатын жолаушылар ұшағы әуеге көтерілмейтін болды.

Алайда, дыбыстан жылдам ұшатын жолдаушылар тасымалдайтын әуе аппараттарын жасау жалғасып келеді. Солардың бірі — футуристік формасы бар жаңа гипер дыбысты ұшақ.  Оның дизайны «Dyson» компаниясының қалақсыз реактивті қозғалтқыштар негізінде жасалған және «Sky Magnetar» деп аталады. Инженерлер ұшақтың Нью-Йорктен Лондонға небәрі 90 минутта жете алатынын айтады. Бұл шынымен де ғылыми фантастикаға ұқсайды. «Magnetar» концептінің ұзындығы 112 метр және оның жоғары және төмен жылдамдықта максималды деңгейде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін төрт қанатты дизайны бар. Ол зымыранға көп ұқсайды.

Концептуалды суреттердегі «Magnetar»-ға қарасақ, ұшақтың зымыранға ұқсайтынын байқаймыз. Инженерлер «Magnetar» сағатына 6700 шақырым (5 Mach) жылдамдықпен ұша алатынын айтады. Бұл Concorde пен Ту-144 ұшақтарының жылдамдығынан үш есе жылдам. Жаңа техникалық сипаттар гипер дыбысты ұшақты олардан да айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді. Қалақсыз «Dyson» реактивті қозғалтқышы ауа ағынын, төмен температуралардағы асқын өткізгіш магниттерді, жану камерасын, плазмалық камераны басқаруға арналған жылжымалы диффузордың арқасында гипер дыбысты жылдамдықтар үшін турбожелдеткіш қозғалтқышты зымыран қозғалтқышына айналдыруға қабілетті.

Әрине, бұл гипер дыбыстық ұшақ әлі концепция түрінде ғана. Алайда, қазіргі технологиялық мүмкіндіктерді ескерсек, Нью-Йорктен Лондонға 60 минутта ұшып барғысы келетін жолаушылар 2-3 жыл ғана күтеді деп үміттенеміз. Бұл алыс сапарларды қиындықсыз өткізуге жақсы мүмкіндік. Бірақ «5 Mach жылдамдықты жолаушылар көтере ала ма?» деген сұрақ туындайды. Осы проблеманы ұшақ конструкторлары шешетін болса, онда біздің ұзақ саяхаттарымызда үлкен өзгерістер болады.