Кімдер шипажайға тегін жолдама ала алады?

0 24

Шипажайға тегін жолдаманы кімдер ала алады? Оны алу үшін не істеу керек және қандай құжаттар қажет? Әр аймақтың өз ережелері бар. «Tengri Life» мысал ретінде Алматы қаласындағы жолдамаларды бөлу механизмін ұсынды.

Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша, шипажайға тегін және жеңілдікпен жолдамаларды Қазақстан азаматтарына жергілікті атқарушы органдар, яғни әкімдіктер береді. Шипажайға тегін жолдама алу жайлы ақпарат Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы VIII сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XII сессиясының 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 73 шешімінде ұсынылған.

Тегін және жеңілдетілген жолдамаларды кімдер ала алады? Мына санаттағы адамдарға шипажайлық-курорттық емделуге әлеуметтік көмек көрсетіледі:

* Қазақстан Республикасының «Ардагерлер туралы» Заңының 4-бабына сәйкес мәртебесі белгіленген Ұлы Отан соғысының ардагерлері – жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмай, тегін;

* мәртебесі Қазақстан Республикасының «Ардагерлер туралы» Заңының 7-бабымен белгіленген еңбек ардагерлері – жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмай, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің есебінсіз алатын зейнетақысының 25% мөлшерінде төлей отырып;

* Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің қайта некеге тұрмаған жесірлері – жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмай мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің есебінсіз алатын зейнетақысының 25% мөлшерінде төлей отырып;

* Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедектігі бар немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектігі барға теңестiрiлген адамның қайта некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығу, жұмыста мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетiндердi қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған, Ұлы Отан соғысының қайтыс болған қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушiнің, «Ленинградты қорғағаны үшiн» медалiмен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгiсiмен наградталған азаматтың қайта некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы) – жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмай мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің есебінсіз алатын зейнетақысының 25% мөлшерінде төлей отырып;

* Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының кәмелетке толмаған тұтқындарына – жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмай мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің есебінсіз алатын зейнетақысының 25% мөлшерінде төлей отырып;

* Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және «Ленинградты қорғағаны үшiн» медалiмен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгiсiмен наградталған азаматтарға – жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмай мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің есебінсіз алатын зейнетақысының 25% мөлшерінде төлей отырып;

* Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 207 бабының 1-тармағына сәйкес зейнет жасына толған басқа мемлекеттердiң аумағындағы жауынгерлік қимылдарының ардагерлері – жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмай мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің есебінсіз алатын зейнетақысының 25% мөлшерінде төлей отырып;

* Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 207 бабының 1-тармағына сәйкес зейнет жасына толмаған басқа мемлекеттердiң аумағындағы жауынгерлік қимылдарының ардагерлері үшін – жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің үш еселенген мөлшерінен аспайтынын ескере отырып, санаторий-курорттық емделуге берілетін жолдама құнының 25% мөлшерінде төлей отырып, бірақ екі жылда бір реттен артық емес;

* Қазақстан Республикасының «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Заңында белгіленген тәртіпке сәйкес Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғасына қатысып, ақталған, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 207 бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толмағандарға – санаторий-курорттық емделуге берілетін жолдама құнының 25% мөлшерінде төлей отырып, жан басына шаққандағы орташа табысы үш еселенген күнкөріс деңгейінен аспайтын шаманы ескере отырып, бірақ екі жылда бір реттен артық емес;

* жасына байланысты зейнетке шыққан зейнеткерлерге – ең төменгі күнкөріс деңгейінің үш есе мөлшерінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алына отырып, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің есебінсіз алатын зейнетақысының 25% мөлшерінде төлей отырып;

* бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды алып жүретін адамдарға олардың санаторий – курорттық емделуді ұсынатын ұйымда болған кезеңінде, бірақ бір ілесіп жүретін адамнан аспайтын мерзімге-емдеу рәсімдерін қоспағанда, тұру және тамақтану үшін ақы төленетін жан басына шаққандағы орташа табысын есепке алмағанда Қазақстан Республикасының шегінде санаторий-курорттық емделгені үшін шығындарды өтеу.

* бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар.

Шипажайлық-курорттық емделуге әлеуметтік көмек заттай нысанда (Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу заңнамасына сәйкес анықталған санаторий-курорттық мекемелерге жолдама) немесе ақшалай түрде (Қазақстан Республикасының аумағында санаторий-курорттық емделу үшін кеткен шығынды тиісті қаржы жылына бюджеттік есепті жасау барысында бекітілген жолдаманың құны мөлшерінде өтеу) көрсетіледі.

Қайда бару керек? Шипажайға жолдамаларды рәсімдеу үшін Алматы аудандарының әкімдіктеріне жүгіну қажет. Оларды әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органдар айқындады.

Қандай құжаттар керек? Заттай нысандағы санаторий-курорттық емделуге әлеуметтік көмекті алу үшін өтініш беруші әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға өтінішке қоса мынадай құжаттарды:

  • жеке басын куәландыратын құжат;
  • № 068/у нысанындағы анықтама;
  • Ұлы Отан соғысының ардагерлері Қазақстан Республикасының «Ардагерлер туралы» Заңының 9-бабымен көрсетілген құжатты;
  • 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғасына қатысқандар Қазақстан Республикасының «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын оңалту туралы» Заңына сәйкес оңалту туралы куәлік;
  • жолдаманы алу зейнетақы мөлшеріне байланысты болатын адамдар зейнетақы мөлшері туралы құжат;
  • зейнеткерлік жасқа толмаған басқа мемлекеттер аумағындағы жауынгерлік әрекеттерге қатысқан ардагерлер, 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы Қазақстандағы оқиғаларға қатысқан және зейнеткерлік жасқа толмаған адамдар, сондай-ақ зейнеткер жасына жетпеген адамның және/немесе оның отбасы мүшелерінің табыстары туралы мәліметтер;
  • мүгедектігі бар адамның әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға берген санаторий-курорттық ұйымның жолдамасының көшірмесі, төлемді растайтын құжат, санаторий-курорттық ұйымның орындалған жұмыстарының актісі.

Салыстырып тексеру үшін құжаттар түпнұсқада және көшірмелерде ұсынылады. Салыстырғаннан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

Егер адам шипажайға бара алмаса…

Егер адам жолдама алса, бірақ дәлелді себептермен бара алмаса, ол жолдаманы әкімдікке қайтаруы керек. Содан кейін олар оны басқа адамға бере алады.

Егер орын бос болса, жолдаманы басқа уақытқа ауыстыруға болады. Бірақ, оны сіз айырбастауға жататын жолдамада көрсетілген шипажайға кіру күнінен кемінде үш күн бұрын жасауыңыз керек.

Егер жолдаманы өз бетінше төлеп қойдыңыз, алайда өтемақы алғыңыз келсе…

Шипажайлық-курорттық емделуге ақшалай түрде әлеуметтік көмек алу үшін аудан әкімдігіне жүгіну қажет. Оны 60 күнтізбелік күн ішінде, бірақ шипажайға кіру күніне дейін 10 күнтізбелік күннен кешіктірмей жасау керек.

Жолдама алу құқығыңызды растайтын құжаттарды (олар жоғарыда көрсетілген) түпнұсқалар мен көшірмелерде ұсыну қажет. Түпнұсқалар көшірмелермен салыстырылады және бірден өтініш берушіге қайтарылады.

Содан кейін әкімдікте өтініш білдірген адамға өтемақы төлеу туралы шешім қабылданады.

Егер шешім оң болса, онда емделуден өткеннен кейін 30 күн ішінде әкімдікке шот-фактураны, фискалдық чекті, орындалған жұмыстар актісін және өзінің банктік шотының нөмірін ұсыну қажет болады.

Ақша осы құжаттарды тапсырғаннан кейін 30 күн ішінде түседі.

Жолдаманы не үшін бермеуі мүмкін?

Шипажайлық-курорттық емделуге әлеуметтік көмек көрсетуден бас тартуы мүмкін, егер:

  • өтініш беруші дұрыс емес мәліметтерді ұсынды;
  • өтініш беруші оның материалдық жағдайына және/немесе отбасының материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартты;
  • отбасының жан басына шаққандағы орташа табысының мөлшері шипажайлық-курорттық емделуге әлеуметтік көмек көрсету үшін белгіленген шектен асып кетті.

Мемлекеттік жолдамалар арқылы шипажайға қаншалықты жиі баруға болады?

Мемлекеттік бюджет есебінен шипажайлық-курорттық емдеу жылына бір реттен көп емес және 12 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге беріледі.