Жеті ауылға сапалы ауызсу желісі жеткізіледі
Биылғы жылы Талас ауданының жеті елді мекені ауызсуға қосылады. Сейілбек, Тұрымқұл, Қожағаппар, Қараой, Арал, Қайыр, Ақтөбе елді мекендері таза ауызсудың игілігін көрмек.
Осыған орай аудан әкімі ауызсу тораптарының құрылысын жүргізетін мердігер компанияның өкілдерімен кездесті. Басқосуда аудан басшысы мердігер компанияларға жұмысты мерзімінде және сапалы атқаруды тапсырды.
Қазіргі уақытта Ақтөбе және Арал, Қайыр елді мекендерінде жұмыстар басталды. Ал қалған елді мекендер бойынша құрылыс жұмыстарын жүргізу бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда.