Лотереядан 598 миллиард теңге ұтып алған

0 16

Джон Доу есімді АҚШ азаматы «Mega Millions» лотереясынан 1,35 миллиард доллар (шамамен 598 миллиард 320 миллион теңге) ұтып алған.

Ол бұрынғы әйелі Сара Смитке ақша ұтып алғанын ешкімге айтпау туралы келісімге қол қойғызған. Құжатқа сәйкес, Смит отбасына ер адамның жүлде ұтып алғанын айтпауға тиіс. Себебі, оның салығы 500 миллион доллар болған. Доудың айтуынша, әйел олардың келісімін бұзып, құпиясын жария еткен.

Отбасы арасындағы жанжал ер адам Смитті сотқа берген кезде басталған. Әйел айыптауларды жоққа шығарып, сот отырысына Доудың әкесін ертіп келген. Ол ұтыс туралы әкесі мен өгей шешесіне лотерея жеңімпазының өзі хабарлағанын айтты.

Доу оларға гараж салып, бірнеше көлік сатып алып беруге уәде берген. Сонымен қатар Доу әкесі үшін бір миллион доллар (91,2 миллион рубль) мөлшерінде сенім қорын құратынын айтқан. Алайда, Доу уәдесін орындамай, әкесі мен өгей шешесін бұрынғы әйеліне қарсы қойған. Әкесі ұлымен сөйлесуге тырысқан. Алайда,  Доу оны «диктатор және бейбақ» деп атап, олармен байланысын тоқтатқан.

Сот Доуды кінәсіз деп тапты.