Қос жеңімпазға құрмет көрсетілді
Жуырда Астана қаласында бокстан жастар арасында өткен ASBC Азия чемпионатында екі бірдей шулық боксшы Мадияр Бексұлтанов пен Бекнұр Батырбек топ жарып, Азия чемпионы атағына қол жеткізді.
Қос чемпионды темір жол вокзалынан аудан жұртшылығымен бірге сән-салтанатымен күтіп алған аудан әкімі Бақытжан Жәнібеков жеңістерімен құттықтады, алдағы жарыстарына сәттілік тіледі. Чемпиондардың ата-аналары мен жаттықтырушыларына алғысын білдірді.
Бір ғана ауданнан екі Азия чемпионының шығуы Әулиеата өңірінде, оның ішінде Шу ауданында бокс спортының жоғары деңгейде дамып келе жатқанын айқындап тұрғандай.