Автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйе

0 34

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылдың 4 мамырында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №321 VI Заңға қол қойған болатын. Онда Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне бірқатар өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.

Өткен жылдың 16 мамырынан қолданысқа енгізілген Заңдағы өзгерістерге сәйкес «Еңбек есебінің бірыңғай ақпараттық жүйесі» түсінігі енгізілді. Ол еңбек шарттарын есепке алуды автоматтандыруға және мемлекеттік органдар мен жұмыс берушілердің өзара іс-қимылына арналған аппараттық бағдарламалық кешен электронды түрде еңбек шартын жасауға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда «Электрондық еңбек шарттарын есепке алу жүйесі» еңбек шарттарының бірыңғай қоймасы жасалған. Бұл еңбек шартын, еңбек шартына қосымша жасау және бұзу фактілерін тіркеу жөніндегі, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен жеке деректерді сұрау арқылы ЕШЕБЖ-де еңбек шарттарын тіркеу жобасы іске асырылған.

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің (бұдан ары — Кодекс) 1-бабы 1-тармағының 35-1) тармақшасына сәйкес, еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі – еңбек шарттарын, жұмыскерлердің еңбек қызметі мен санын есепке алуды автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйе. Кодекстің 23-бабы 2-тармағы 27) тармақшасымен жұмыс беруші еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен жұмыскермен еңбек шартын жасасу және тоқтату, осы Кодекстің 28-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) және 13) тармақшаларында көзделген мәліметтер қамтылған. Оған енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне (бұдан ары — ЕШЕБЖ) енгізуге міндетті. Яғни, ендігі кезекте, ЕШЕБЖ жүйесімен жұмыс жүргізу жұмыс берушінің тікелей міндетіне айналды.

Сонымен қатар Министрлікпен еңбек шарттарын есепке алу жүйесін апробациялау үшін Enbek.kz. порталы Іске асыру механизміне тоқталып өтсем: Үміткер жұмысқа тұру үшін, жеке куәлігін ұсынады. Жұмыс беруші жұмыскердің жеке ісін қалыптастыру мақсатында үміткердің жеке сәйкестендіру нөмірімен ЕШЕБЖ сұрау жолдайды. ЕШЕБЖ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы жұмыскер туралы мәліметтерді қалыптастырып, жұмыс берушіге жолдайды. Құжаттардың талаптарға сәйкес келмеуі (мысалы: медициналық тексеруден уақытылы өтпесе) немесе болмауы туралы потенциалды жұмыскер ол туралы хабарландырылады. Нәтижелер бойынша жұмыс беруші жаңа жұмыскерді жұмысқа қабылдау туралы шешімге келсе жұмыскермен еңбек шартына қол қояды. Жұмыс беруші ЕШЕБЖ автоматтандырылған ақпараттық жүйеде еңбек шартының тіркеуін жүзеге асырады.

Бұл жағдайда жұмыскерлер мен жұмыс берушілер алатын артықшылықтар қандай? Жұмыскерлерге арналған артықшылықтар:

* Әлеуметтік қауіп-қатерлерден қорғалуы: еңбек шартының болуы, қорларға жарналар мен аударымдар болуы фактісі;

* Жұмыскердің алдында жұмыс берушінің міндеттемесі бекітілуі;

* Еңбек шартын жасау процесінің жеңілдеуі: құжаттарды жинау қажеттілігі жойылады (мекенжай бойынша анықтама, медициналық анықтама, аттестат, диплом, төлқұжат деректері, түйіндеме, еңбек өтілі, қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама жинақтауда уақытты үнемдеу).

Жұмыс берушілерге арналған артықшылықтар:

* Жедел жою үшін анықталған бұзушылықтарды автоматты түрде хабарлау, сонымен қатар автоматты түрде статистикалық есептерді жолдау мүмкіндігі және қағаз түріндегі есептерден бас тарту;

* Еңбек шарттарын рәсімдеудің құны азаяды (кадр құжаттарын қағаз түрінде жинақтау қажеттілігі болмайды);

* Жұмыскерлердің жеке ісін қалыптастыруда жүйенің қызметтеріне қол жеткізу арқылы жұмыскерлерді сапалы таңдау (алаяқтықсыз) мүмкіндігі болады;

Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізу бойынша жұмыстар Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде еңбек шарты туралы мәліметтерді ұсыну және алу қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 3 қыркүйектегі № 353 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

Электронды еңбек шартына байланысты немесе еңбек қатынастарына байланысты сұрақтарыңыз туындап жатса төмендегі байланыс телефондарымызға немесе Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, 78 мекенжайда орналасқан мекемеге келіп жауап алуға болады. Байланыс телефондары: 45-15-58, 51-05-00, 51-01-10,43-01-96.