Цифрлық даму министрлігіне жаңа басшы тағайындалды

0 120

Президент Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрін тағайындады.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Жаслан Хасенұлы Мәдиев Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымына тағайындалды», делінген Ақорда таратқан хабарламада.